Гастроэнтеролог дәрігерлер асқазанда тіршілік ететін Helicobacter pylori бактериясының ағзада қабыну үдерістерін тудырып, асқазан жарасы мен гастритке әкелуі мүмкін екенін, ал ауыр жағдайларда қатерлі ісіктің дамуына себеп болатынын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл бактерияның қауіптілігі – ол айқын белгілерсіз-ақ жылдар бойы ағзада өмір сүре алады.
Дәрігерлердің айтуынша, оны жұқтыру өте оңай. Сүйіскен кезде немесе ортақ ыдыс-аяқ пен сүлгілерді пайдаланған кезде жұғуы мүмкін. Сондай-ақ инфекцияны қауіпсіз емес көздерден су ішкенде немесе су айдындарында шомылып жүріп, суды абайсызда жұтып қойған жағдайда да жұқтырып алу қаупі бар.