Қазақстандықтар енді 500 теңгеге көліктің тарихын тексере алады

22 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді.

Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі», - делінген хабарлмада.