Таеквондошы Нодира Ахмедова Польшадағы турнирде күміс еншіледі

Бүгін, 15:30 / Алуа Арман
olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.

Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.

Тэгтер:

Турнир күміс жүлде таеквондо Нодира Ахмедова