Зерендіде 85 аурухана қызметкеріне еңбек демалысы үшін 27,4 млн теңге төленбеген

Бүгін, 15:18 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Зеренді аудандық ауруханасы» қызметкерлері жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақы берілмегеніне байланысты аудан прокуратурасына жүгінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында 85 қызметкерге жалпы сомасы 27,4 млн теңге көлеміндегі демалыс ақшасы уақытылы төленбегені анықталды. Осылайша олардың ақылы жыл сайынғы демалысқа шығу жөніндегі конституциялық құқықтары бұзылған.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісінен кейін берілмеген төлемақы толық өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Зеренді ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуы мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуына бақылауды жалғастыруда.