16 жастағы қазақстандық қыз армрестлингтен әлем чемпионы атанды

Бүгін, 14:49 / Інжу Әлихан

Түркістан облысы Шардара қаласының тумасы Ұлболсын Елмұрат Болгарияда өткен жарыста 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын қапы қалдырып, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалда ол армрестлингтің аңызға айналған спортшы, 13 дүркін әлем чемпионы словакиялық Лусия Дебранованы жеңіп, сенсация жасады.