Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді (ВИДЕО)

Бүгін, 12:51 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары жұмылдырылды.