«Жұмабектің имамы»: Нұрлан Байжігітұлы Динара Сәтжанның күйеуіне құрмет көрсетті

Бүгін, 10:21 / Інжу Әлихан
instagram

Белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның күйеуіне сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол кәсіпкер Жұмабек Жанқұловқа шапан жауып, құрмет көрсетті.

«Жұмабектің имамы. Жұрттар имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты», – деп жазды кәсіпкер. 

Ал Динара Сәтжан желіде жаңа үйдегі қоныс тойда Нұрлан имам құран оқығанын мәлім етті.

«Бірінші қоныс тойымыз. Ата-анамыздың ақ батасын алдық. Нұрлан имам келіп, құран оқыды», – деп бөлісті Динара. 

Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған.

«Нұрлан имам да біледі кімге жабу керегін», «Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?», «Неменеге жауып жатыр?», «Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам», «Жеке имамы несі?», – деп жазды көпшілік.