Өзбекстанда президенттің сынына іліккен аудан әкімі контейнерде тұрып жатыр

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Наманган облысының әкімдігі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің сынынан кейін Нарын ауданының әкімі жұмыс кеңсесін контейнерге ауыстырды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Наманган облысына жұмыс сапарымен барған Шавкат Мирзиёев Нарын ауданындағы «Шурарик» махаллясының жай-күйімен танысты.

Тиісінше, Өзбекстан басшысы инфрақұрылымы күйреп тұрған мекеннің әкімін сынға алып, оған әкімдік ғимаратын тастап, аталған махалляның ескі нысанына көшуді тапсырды.

Сондай-ақ, оған осы аумақта түнеп, мәселені толық шешуді жүктеді. Осыған байланысты аудан әкімі кеңсесін «Шурарик» махаллясындағы контейнерге ауыстырды.