Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

21 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін, - деп жазды Президент Instagram парақшасында.