Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Мәулетқанов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Балуан 72 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті.
Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Иран балуаны Саид Даниял Сохрабимен кездесті.
Қарсыласы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Мәулетқанов жарысты бесінші орынмен аяқтады.Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.
Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге иелік етті.
Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге алған еді.
Әлем Кубогінің кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.