«Он жетінші баламын»: Әнші Кенжебек Жанәбілов анасы қанша құрсақ көтергенін айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:20 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанабылов «Хабар» арнасына берген сұхбатында өзінің көпбалалы әулеттен шыққанын айтты, деп жазады turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, анасы өмірге 18 бала әкелген, ал Кенжебек сол шаңырақтағы 17-бала болып дүниеге келген.

«Қазір бізден он бала қалды. Барлығымыз бір әке мен бір анаданбыз. Анам ас дайындағанда бір қап ұн аптасына жетпейтін», — деп еске алды Жанабылов.

Ол өзінің қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын анасының тәрбиесінің арқасы екенін айтты.