Балуан Айдос Сұлтанғали Әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті

19 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 60 келі салмақтың 1/4 финалында Олимпиаданың қола жүлдегері Се Ун Риден (Солтүстік Корея) басым түсті.

Енді Айдос жартылай финалда Амиран Чавадземен (Грузия) белдеседі.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Балуан ширек финал жартылай финал грек рим күресі Айдос Сұлтанғали