Балуан Мерей Мәулетқанов Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 17:23 / Алуа Арман
olympic.kz

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мерей Мәулетқанов ширек финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен балуанымыз украиналық Парвиз Насибовты 4:3 есебімен ұтты.

Отандасымыз жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы, франциялық Ибрагим Ганеммен кездеседі.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Грек-рим күресі жартылай финал Мерей Мәулетқанов