Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшылар мен бапкерлерге Қазақстан бокс федерациясы сыйақы береді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ашық алаң» бағдарламасына сұқбат берген Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Ливерпульде жүлде алған боксшыларға федерация қандай сыйақы беретінін мәлім етті.
«Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға 100 мың доллар, ІІ орынға 50 мың доллар, ІІІ орынға 30 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған», - дейді Шахмұрат Мүтәліп.