Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 16:54 / Інжу Әлихан
gov.kz

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Ақорда Алматы әкімі Алматы Досаев