Демеу Жадыраев Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады

Бүгін, 16:28 / Алуа Арман
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресетін болады.

Жұбаныш белдесуінде Жадраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты қола медаль Демеу Жадыраев