Түнде аяқтың сыздауы неден болады және қалай емдеуге болады?

Бүгін, 03:30 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жылы ванна, аяқ пен балтырға массаж жасау түнгі аяқ ауыруынан құтылуға көмектеседі, деп мәлімдеді «Кипарис+» сауықтыру орталықтары желісінің негізін қалаушы, ортопед-травматолог Павел Семиченков. Ол «Лента.ру басылымына аталған жағымсыз сезімнен арылу жолдарын айтты.

Семиченковтың айтуынша, түнде аяқтың ауруы – жас адамдардың өзінде кездесетін кең таралған проблема. Мұндай ауырсыну остеохондроздан, радикулиттен, аяқ-қол жарақатынан, қабынудан немесе күні бойы аяқта көп жүруден пайда болуы мүмкін. Дегенмен, бұл азапты ауырсынудан арылуға болады.

Жылы ванна

Оның сөзінше, ауырсыну синдромынан құтылудың ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілі – ұйықтар алдында жылы ванна қабылдау.

Магний тапшылығы

Ағзадағы магний жетіспеушілігі де аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну тудыруы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін дәрілік препараттар немесе емдік минералды су ішуге болады.

Мата

Семиченковтың айтуынша, табиғи жүн қан айналымын жақсартып, бұлшықеттердегі алмасу процестерін реттеуге көмектеседі. Сондықтан қатты ауырғанда түнге табиғи жүннен жасалған шұлық киюге немесе балтырды қойдың не түйенің жүнінен жасалған шарфпен орауға кеңес берді.

Аяқ массажы

Дәрігер сондай-ақ табанға, тізеге және белге массаж жасауды ұсынды. Оны жылы ваннамен қатар жүргізсе, ауырсынуды басу және босаңсыту әсері күшейе түсетінін атап өтті.

Табаны жалпақ немесе аяқтың қалыпты пішінін өзгертетін басқа да аурулары бар адамдарға ауырсынуды жеңілдетудің тиімді шешімі – ыңғайлы ортопедиялық ұлтарақ кию. Бірақ оларды тек ортопедтің кеңесінен кейін ғана таңдау керек екенін ескертті..

Тэгтер:

дәрігер кеңес ауру ем қол аяқ түн массаж сыздау спазм