«Бұршақ пен қар жауады»: Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Бүгін, 12:24 / Алуа Арман
istockphoto.com

20–22 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

«Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 20 қыркүйекке қараған түні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда республика бойынша тұман болжанады», – деп атап өтті синоптиктер.

Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Елдің солтүстік бөлігінде түнде термометр бағандары +1...+3 градусқа дейін төмендейді.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Қар бұршақ