Орал тұрғыны гараждардың қабырғасын тесіп, көлік дөңгелектерін ұрлап кеткен

Бүгін, 12:10 / Алуа Арман
polisia.kz

Криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше ұрлық жасағаны үшін 30 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында ер адамның бір гараждың кірпіш қабырғасын бұзып кіріп, одан төрт қысқы автокөлік дөңгелегін ұрлап кеткені анықталды.

Бұдан бөлек, ол тағы бір гаражға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырған, сондай-ақ автокөліктердің құлпын бұзып, ішіндегі заттарды ұрлауға қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі 1,2 млн теңге деп бағалануда.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тэгтер:

Орал Автокөлік ұрлық гараж дөңгелек