Талғар ауданында Хасан Қасымбаевтың соты өтіп жатыр

Бүгін, 10:58 / Алуа Арман
Ғаламтор

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Процесс ашық түрде өтіп жатыр, алайда БАҚ өкілдеріне шектеулер қойылған: журналистер сот отырысын көрші бөлмеден бейнетрансляция арқылы бақылап отыр.

Бүгінгі тыңдауда куәгерлерден жауап алынуда. Алты куәгерді тыңдау жоспарланған.

Айыпталушылар орындығында алты адам отыр: Хасан Қасымбаев, Руслан Әлиев, Мадияр Калимжанов, Сайлау Актанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров. Олардың барлығына Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу.

Бұл іс бойынша екі жәбірленуші бар — кәсіпкер Тажиев және фитнес-жаттықтырушы Арман Әлімов.

2021 жылы ұрланып, соққыға жығылған жәбірленуші Арман Әлімов сотта айғақ берген.

Еске сала кетейік, Хасан Қасымбаев былтыр қараша айында 2021 жылғы маусымда жасалған қасақана ауыр зиян келтіру және адам ұрлау күдігімен ұсталған болатын. Кейін оған тағы бір айып — «бопсалау» бабы тағылды.

Тэгтер:

Талғар Хасан Қасымбаев