Ақтөбе облысында полицей үй қамақтан қашып шығып, қылмыс жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бастапқыда ол пара алу күдігімен ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мас жүргізушіден ақша алған.
Ол үй қамаққа жіберілген. Алайда электронды білезікті шешіп тастаған. Бостандыққа шыққан соң бұрынғы сүйіктісінің үйіне барған. Қыз оны өзін зорлады деп айыптап, полицияға арыз жазған.
Бұл ақпаратты Ақтөбе облысы ПД растады. Қазіргі таңда күдіктінің ұсталғаны белгілі, алайда басқа мәліметтер жария етілген жоқ.