Талдықорғанда 4 мектепке жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен

Бүгін, 09:07 / Інжу Әлихан
Скриншот

Талдықорғанда №11, 14, 17 және 18 мектептерге жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарлама түсіп, оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық нысан тексеріліп, күдікті заттар табылған жоқ. Қауіпсіздік шаралары аяқталған соң мектептер қалыпты жұмыс режимін жалғастыруда.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқандарды анықтау және ұстау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл соңғы үш күнде тіркелген үшінші жалған ақпарат тараты оқиғасы.

Полиция қасақана терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергендер қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда вокзал, тұрғын үй және ірі сауда орталығы «бомба қойылды» деген жалған хабарламаның нысанасына айналған еді.