Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Полтавка ауылында үш адамның жұмбақ өлімінің себебі анықталуда. Өрт орнынан әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды. Тек марқұм әйелдің қызы ғана қашып үлгерді, деп хабарлайды turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, ауыл шетіндегі өрт алдыңғы кешке шыққан.
Ауылдан 13 шақырым жерде орналасқан бөлімше бригадалары келгенде, үй қызыл жалын құрсауында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 58 жастағы әйел мен 44 және 46 жастағы екі ер адамның мәйітін тапты, - делінген хабарламада.
Олардың бірі қайғылы оқиға кезінде қонақта болған, екіншісі марқұм әйелдің қызының серіктесі екені анықталды. 35 жастағы әйел қашып үлгерген.
Отбасының тұрмысы жақсы болған. Екі ер адам да жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істеген, ал үй иесі әйел үй шаруасында болған.
Тергеушілер үшеуі де қылмыстың құрбаны болған деп есептейді.
Бұл оқиға бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша сот тергеуі басталды, - деді облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Азат Құсайынов.
Оның айтуынша, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.