Бір айда құтқару қызметіне 1600 рет қоңырау шалған ер адам ұсталды

Бүгін, 20:37 / Өтей Торғайұлы

Жапонияда 36 жастағы ер адам бір айда құтқару қызметіне 1600 рет қоңырау шалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

36 жастағы Сигэнари Куросава есімді азамат шілденің 1-інен 28-іне дейін құтқару қызметіне 1600-ден астам рет қоңырау шалып, бір де бір рет сөйлемеген. Әр жолы оператор тұтқаны көтерген соң, ол үнсіз тұрып, кейін тұтқаны қоя салған.

Куросава шұғыл қызметке қоңырау шалғанын мойындағанымен, оның не себепті бұлай жасағанын түсіндірмеген. Ол құтқару қызметінің жұмысына әдейі кедергі келтіргені үшін айыпталуда.

Сонымен қатар, осындай үнсіз қоңыраулар Токионың шұғыл қызметіне 2024 жылдың қаңтарынан бастап үнемі түсіп отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция бұл қоңырауларға Куросаваның қатысы бар-жоғын анықтауға тырысуда.

Тэгтер:

ай жапония