Мемлекет басшысы «Әл-Азһар» университетінің өкілдерімен кездесті

Бүгін, 17:49 / Алуа Арман
Ақорда

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Азһар» ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды.

Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа. 

«Әл-Азһар» университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Тэгтер:

Тоқаев