Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы 30 млрд доллардан асты

Бүгін, 17:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

2025 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі жылдық мәнде 5,7%-ға өсіп, $30,68 млрд құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы бейсенбі күні ҚХР Бас кеден басқармасының (ГТУ) ресми сайтында жарияланған деректерде көрсетілген.

«Синьхуа» агенттігі келтірген мәліметтерге сәйкес, есепті кезеңде Қытайдың Қазақстанға экспорты 6,9%-ға өсіп, $19,4 млрд-қа жетті, ал Қазақстаннан Қытайға импорт 3,9%-ға артып, $11,28 млрд болды.

Биылғы жылдың қаңтар–тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға ұлғайды.

ҚХР Бас кеден басқармасының деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Қытайдың сауда көлемі $43,82 млрд құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға артқан.

Бұған дейін Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай инвестицияларын ең ірі көлемде тартқан елге айналғаны хабарланған болатын.

Тэгтер:

тауар айналымы Қазақстан мен Қытай