Адамзат ежелден-ақ алып жыландарға қызығып, оларды мифтер мен аңыздарға арқау еткен. Бүгінде де интернет кеңістігінде «алып жылан» тақырыбы талайларды еліктіреді. Әлемдегі ең ірі жыландардың кейбірі бойымен, кейбірі салмағымен рекорд орнатып, әрі үрей, әрі таңданыс тудырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
1. Торлы питон
Жердегі ең ұзын жылан. Орташа ұзындығы – 4-8 метр. Ресми түрде тіркелген рекорд – 7,9 метр (Саманта есімді питон). Суда да, құрлықта да еркін қозғалып, көбіне адам қонысына жақын жүреді.
2. Жасыл анаконда
Әлемдегі ең ауыр жылан. Ұзындығы 5–7 метр, кейде 8,5 метрге жетеді. Салмағы 200 келіге жуық, ал 2024 жылы Эквадорда 500 келілік алып анаконда табылғаны хабарланды. Амазонка өзенінің батпақтарында мекендейді, суда тығылып, олжасын қапыда ұстайды.
3. Қара (қоңыр) жолбарыс питоны
Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Ұзындығы 5-6 метрге дейін жетеді. Сетчатый питоннан қысқалау болғанымен, денесі салмақтырақ. Зоопарктер мен жеке коллекцияларда жиі кездеседі.
4. Үнді питоны
Жолбарыс питонына жақын туыс. Ұзындығы – орта есеппен 3,5-4 метр, кейде 5-6 метрге дейін өседі. Терісінің түсі үшін жиі қырғынға ұшырайды. Қазіргі кезде жойылып кету қаупі бар түрлердің қатарына кіреді.
5. Африкалық тас питон
Африкадағы ең ірі усыз жылан. Ұзындығы 5–6 метрге жетеді. Кейде агрессивті мінез көрсетіп, сирек болса да адамға шабуыл жасаған жағдайлар тіркелген. Жерде де, суда да, ағашта да еркін қозғалады.
Қызықты деректер:
– Жыланның жақ сүйектері ерекше эластикалық байланыспен жалғасқан, сондықтан ол басынан әлдеқайда үлкен олжаны жұта алады. Анаконда, мысалы, капибара мен кайманға дейін аулай алады.
– Алып жыландардың ежелгі атасы Titanoboa шамамен 60 млн жыл бұрын өмір сүрген. Оның ұзындығы 15 метрге, салмағы 1 тоннаға жеткен.
– Қомағай ас ішкен соң жыланның құрсақ терісі мөлдірленеді, ішіндегі олжасын сырттан көруге болады.
– Табиғатта алып жыландарды зерттеу қиын, өйткені олар өте жасырын тіршілік етеді.
– Қолда өсірілген питондар мен анакондалар 25–30 жылға дейін өмір сүре алады.
– Барлық ірі жылан усыз, олар олжасын буындырып тұншықтырады.
– Алып жыландар негізінен тропикалық аймақтарда, Оңтүстік Америка, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия ормандары мен батпақтарында таралған.