Отардағы сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр – Бас әскери прокуратура

Бүгін, 17:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қылмыстық істі Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысында 17 қыркүйек күні Гвардейский гарнизонының бір әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз асылып, суицид жасаған. Бұл ақпаратты ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері баспасөз қызметі растады.

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде. Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді, — деп атап өтті ведомствода.

Тэгтер:

суицид қылмыстық іс сарбаз әскери Отар