Қазақстандағы АҚШ елшілігі америкалық виза заңды бұзған немесе оны мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда күші жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
18 қыркүйекте АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы америкалық виза иелеріне арналған маңызды мәлімдеме жасады. Белгілі болғандай, енді өтініш берушілерді тексеру тек құжат берілген сәтпен шектелмейді.
«Есіңізде болсын, тексеру виза берілгеннен кейін де тоқтамайды, егер сіз заң бұзсаңыз немесе америкалық визаны мақсатқа сай пайдаланбасаңыз, ол күшін жоюы мүмкін», – деп ескертті дипломатиялық миссия.
Сондай-ақ елшілік әрбір өтініштің қауіпсіздік тұрғысынан мұқият тексерілетінін, оның ішінде құқық қорғау органдары мен антитеррорлық қызметтің деректер базасымен салыстыру жүргізілетінін атап өтті.