Қазақстанда грантта оқыған студенттер 5,7 млрд теңге қайтарды

Бүгін, 16:58 / Алуа Арман
istockphoto.com

2014 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік білім грантын өтемеген қазақстандық студенттер мемлекетке 5,7 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Informburo.kz мәліметінше, 2014 жылдан 2025 жылға дейін студенттерге қатысты мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға жұмсалған шығындарды өндіру бойынша соттар алты мыңнан астам шешім шығарды. Жас мамандар заңмен белгіленген міндетті еңбек өтеу талабын бұзған.

Осы уақыт аралығында студенттер оқу шығындарының 5,3 млрд теңгесін және 352,5 млн теңге көлемінде заңды айыппұлды өтеген. Бұл қаражат республикалық бюджетке аударылды.

«Жас мамандардан сот тәртібімен мәжбүрлі түрде өндірілген, сондай-ақ жас мамандардың өз еркімен өтеген ақшалай қаражаттары Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті арқылы республикалық бюджетке аударылады. Олар кейін Қазақстанның бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылады», – деп атап өтті "Қаржы орталығы".

Тэгтер:

студент Грант