Алматыда мейрамхана қонағы даяшыға лас аяғын сүрткізген (ВИДЕО)

Бүгін, 16:49 / Інжу Әлихан
скриншот

Алматыдағы Театралка мейрамханасына келген қонақ даяшыға аяғын сүрткізген. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеодан бойжеткеннің даяшыға лас аяғын көтеріп, дөрекі түрде сүртуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады. 

«Саған ақшаңды төледім. Енді дұрыстап сүрт. Мен төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім», – дейді қыз даяшыға.

Жазба авторларының айтуынша, ол бұл «қызмет» үшін 50 000 теңге төлеген. Қыз мас күйде болған.