Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 541,34 теңгені құрап, 0,21 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 18 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 541,01 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 541,11 теңге, сату бағамы – 542,81 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 539,65 теңгеге сатып алынып, 544,65 теңгеге сатылуда.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,34 теңгеге көтерілген, 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге төмендеген, ал 17 қыркүйекте 1,25 теңгеге өскен болатын.