Астана мен Алматыда салқын, жаңбырлы ауа-райы сақталады

Бүгін, 15:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазгидромет баспасөз қызметі 2025 жылдың 19 қыркүйегіне арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +16…+18°C.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр күз салқын