Түркістанда деструктивті діни ағым мүшелерінен бірнеше қару тәркіленді

Бүгін, 15:16 / Алуа Арман
istockphoto.com

Түркістан облысы прокуратурасы мен Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастарын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді. 

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды. 

Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. 

02.09.2025ж. ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Күдіктілер ұсталды.

Тэгтер:

Түркістан қару діни ағым