Азық-түлік корпорациясы 22 мың тонна дәнді-дақылды экспорттады

Азық-түлік корпорациясы 22 мың тонна дәнді-дақылды экспорттады

Азық-түлік корпорациясы 22 мың тонна дәнді-дақылды экспорттады
ашық дереккөзі
Азық-түлік корпорациясы 22 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақылдарды экспорттаған. «Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы өз қызметінің қорытындылары бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында таяу және алыс шет елдерге жалпы алғанда 22 мың тоннадан астам дәнді және майлы дақылдарды экспорттаған. «20 мың тонна дәнді және майлы дақылдардың ішінен Қытайға – 10 мың тонна бидай, Әзірбайжанға – 6 мың тонна бидай, Иранға – 3,8 мың тонна арпа және Бельгияға 2,3 мың тонна зығыр экспортталды», – делінген хабарламада. Сонымен бірге, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ Ақтау портындағы астық терминалы арқылы 105 мың тоннаға жуық астық аударған. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Астық қоймалары» ЖШС нан базалары 2016 жылы жалпы алғанда  24,1 мың тонна астық қабылдаған.