Танымал КВН ойыншысы «Астана» футбол клубына лауазымды қызметке тағайындалды

Бүгін, 12:26 / Інжу Әлихан
instagram

«Астана» ФК Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды.

"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды.

Атқарған ілкімді істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» марапатымен наградталған.

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі білімі, тәжірибесі мен құзыретіне сүйене отырып, клубымыздың дамуына оң үлесін қосады деп сенеміз", – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Мәлік Хасенов