«Егіздің сыңары»: Отарда 19 жастағы сарбаз қайтыс болды

Бүгін, 11:33 / Інжу Әлихан
әлеуметтік желі

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отарда 19 жастағы сарбаз Дінмұхамед Шынарбек жұмбақ жағдайда көз жұмды. Оның денесі Мәтібұлақтағы әскери бөлімінен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева мәлімдеді.

Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда марқұмның отбасы оған сенбейді.

«Өткен жылдың күзінде інім Даниял әскерге кеткен еді. Көктемде оның егізі Дінмұхамед те Отан алдындағы борышын бірге өтеу үшін әскерге шақырылды. Олар қатар қызмет етті, бірақ ант қабылдағаннан кейін Дінмұхамедті Мәтібұлақтағы 01098 әскери бөліміне ауыстырып, ағасынан бөлек жіберді. Ал егіздерді бөлуге болмайды. Дәл сол жерде қайғылы жағдай болды», –  дейді қаза болған сарбаздың әпкесі Енлік Қалтаева.

Дінмұхамед 29 тамызда 19 жасқа толған.

«Еңбекқор, мейірімді, болашағына арман-үмітпен қараған... Жуырда ғана Дінмұхамедті әскерге қуанышпен шығарып салдық, оның жарқын болашағына сендік. Ал бүгін анасы оны жансыз дене күйінде қарсы алып отыр. Оның өлімін суицид деп түсіндіргеніне сенбейміз. Бізге шындық пен әділет қажет», –  дейді Енлік.

Тэгтер:

Жамбыл облысы сарбаз Қордай ауданы Отар