Ақтөбеде қаздан қашқан 3 жасар балаға 100 қаз сыйға берілді

Бүгін, 11:19 / Алуа Арман
Коллаж: Turkystan.kz

«Ауыл» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы қаздан қашып, күллі әлемге танымал болған үш жасар Керейге 100 қаз сыйға тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қаздан қашқан Керей енді қаз иесі атанды! Ауыл партиясы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Базарғалиев Әлібек Айдарханұлы Керейге 100 қаз сыйға тартты», - делінген партия хабарламасында.

Сонымен қатар, Керейдің әкесі Махамбет Ермеков «Ауыл» партиясының мүшесі атанды.

 

 

Тэгтер:

Ақтөбе қаз Керей қаздан қашқан бала