Әбілсейіт Рабаев Түркістан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 10:38 / Алуа Арман
gov.kz

Әбілсейт Рабаев қалада жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларын қадағалайтын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрылыс саласындағы жалпы еңбек өтілі – 17 жылдан астам.

– Сіз жаңа қызметте басқаратын салалар қала үшін аса маңызды әрі жауапты бағыттар. Осы міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңізге сенім білдіреміз, – деді Түркістан әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Әбілсейт Рабаев 1981 жылы Түркістан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген.

2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Жол қозғалысы инженері» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

2002–2003 жылдары «Ерке» компаниясында оператор болып еңбек жолын бастаған. 2003–2005 жылдары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман, 2005–2008 жылдары осы басқарманың бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2008–2009 жылдары ЖҚжАЖ басқармасы басшысының орынбасары,

2009–2015 жылдары ЖҚжАЖ басқармасының басшысы болды.

2016–2017 жылдары «Тұран Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2017 жылы ОҚО әкімі аппаратының канцеляриясында бас маман, кейін «НК СПК «Шымкент» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

2017–2018 жылдары Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2018 жылдың қаңтарынан 23 шілдеге дейін Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы,

2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың тамызына дейін Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың тамызынан бастап «НК СПК «Шымкент» АҚ төрағасы болды.

2021 жылдың тамызынан бастап Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін «Respublica» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы болған.

Тэгтер:

Түркістан әкім орынбасары Әбілсейіт Рабаев