Әйгілі Backstreet Boys тобы Қазақстанға келді (ВИДЕО)

Бүгін, 09:31 / Інжу Әлихан
скриншот

18 қыркүйек түні әйгілі поп-топ Backstreet Boys Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде қолданушылар топ мүшелерін Алматы әуежайында түсірген видеоларымен бөлісіп жатыр.

Бейнежазбадан музыканттарға бірден тюбетейке кигізіп, «Қазақстан» шоколады сыйға тартылғаны байқалады.

Еске сала кетейік, концерт 19 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Шоу сағат 20:00-де басталады. Бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер үшін есік 15:00-де ашылады.

Тэгтер:

Алматы Backstreet Boys