Петропавлда ер адам өгей ұлын пышақтап тастаған

Бүгін, 09:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны бірге тұратын әйелінің ұлын пышақтады. Жәбірленуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

«Алдын ала болжам бойынша, 53 жастағы ер адам тұрмыстық жанжал барысында Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салған, одан ол қаза тапқан», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Тэгтер:

Петропавл пышақтау өгей ұл