Қайғылы оқиға 17 қыркүйек сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесі Жарық-Дария аралығындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлімдед, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарық-Дария жол аралығында күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатып, алдына Mazda маркілі жеңіл көлігінің шығуына байланысты тежегішті басқан. Өкінішке қарай, пойыз жеңіл көлікті қағып өтті,-делінген компанияның хабарламасында.
Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан мерт болды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет, - делінге ҚТЖ хабарламасында.