Экс-дипломат Сәкен Мамаштың үкімі өзгеріссіз қалды

Бүгін, 08:19 / Нұрлан Әлинұр
Фото: facebook.com/saken.mamash

Аппеляциялық сот әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың шағымын қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Кеше, 17 қыркүйекте апелляциялық инстанцияның бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырғаны туралы белгілі болды.

Еске сала кетейік, 2024 жылы мамырда экс-дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көргенін айтқан еді.