Талдықорғанда екі сауда орталығына «бомба қойылды» деген ақпарат тарады

Бүгін, 07:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Талдықорғанда "Сити Плюс" сауда-ойын-сауық орталығында және "Дәулет" сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Бұл туралы Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ПД мәліметінше, оқиға орнына жедел қызмет пен полиция бөлімшелері дереу жеткен. Тексеру барысында күдікті немесе қауіпті заттар анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хабар таратқан адамның жеке басын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген ведомство хабарламасында.

Құқық қорғау органдары терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.