Қостанай облысында 73 шетел азаматы жолда қалып қойды

Бүгін, 23:10 / Өтей Торғайұлы

Қостанай облысында полиция мен құтқарушылар шетел азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Федоров ауданы Пешковка ауылының маңында Ресей Федерациясынан Тәжікстанға бағыт алған автобустың қозғалтқышы істен шығып, жолда қалып қойды. Көліктің ішінде 13 баланы қоса алғанда 73 адам болған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері, ТЖД құтқарушылары және әкімдік өкілдері барды. Бірлескен күш-жігердің арқасында жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Яғни, Пешковка ауылында оларға ыстық тамақ пен уақытша орналасатын жер дайындалды. Сонымен қатар Тәжікстан өкілдерімен байланыс орнатылып, қосалқы автобус жіберілді. Осылайша, жолаушылар қабылдаушы тарапқа алғыстарын білдіріп, жаңа автобусқа отырып, сапарларын жалғастырды.

Тэгтер:

Қостанай жол