«Жұдырығым қышып тұр»: Геннадий Головкин рингке оралуы мүмкін екенін айтты

Бүгін, 22:49 / Өтей Торғайұлы

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін рингке қайта шығу мүмкіндігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

World Boxing аясында өткен тарихи турнирде Қазақстан ҰОК президенті де болды. Ол BoxingScene-ге берген сұхбатында отандастарының жетістігінен кейін «жұдырығым қышып тұр» деп әзілдеді. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

«Иә, неге болмасқа? Мұнда мен баяғы эмоцияларымды сезіндім», — деді Головкин рингке оралуы бойынша қойылған сұраққа.

Ал қарсылас пен мерзім туралы сұраққа ол «бұл менің құпиям» деп жауап берді.

Головкин 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен бері рингке шықпаған. Қазір ол World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын басқарады. Оның жетекшілігімен бокс 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына қайта енгізілді.
 

Тэгтер:

бокс Геннадий Головкин