СҚО-да үш адам тірідей өртеніп кетті

Бүгін, 20:21 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының Полтавка ауылында үш адамның өмірін қиған өрт болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Бүгін кешке «112» қызметінің пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жедел жеткен.

«Құтқарушылар келген сәтте үй толықтай ашық жалынға оранған еді. Өртті сөндіру кезінде 1968 жылы туған әйел мен 1979 және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі табылды», – деп мәлімдеді ТЖД.

Өрт 40 шаршы метр аумақтағы құрылысты толығымен жойған. Оны сөндіруге сегіз құтқарушы мен үш арнайы техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Тэгтер:

өрт СҚО