Бас прокурор Берік Асылов ТМД БПҮК Атқарушы хатшысы Юрий Ждановпен кездесті

Бүгін, 18:21 / Дана Ізтілеуова
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бүгін Бас прокурор Берік Асылов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің Атқарушы хатшысы Юрий Ждановпен Астанада кездесті.

Тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қарастырып, заңдылықты және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды талқылады.

Кездесу барысында Б.Асылов Қазақстанның трансұлттық қылмыс түрлеріне, оның ішінде терроризмге, экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылды үйлестіру бойынша күш-жігерге ерекше мән беретінін атап өтіп, Достастық елдерінің прокуратура органдары алдында тұрған міндеттерді шешуде тәжірибемен алмасудың және бірыңғай тәсілдерді әзірлеудің маңыздылығын атап көрсетті.

Өз кезегінде Юрий Жданов қабылданған бірлескен бастамалар ТМД елдеріаумағында құқықтық қорғаудың деңгейін және құқықтық тәртіптің тұрақтылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Әңгімелесушілер халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты жетілдіруге, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударды.

Кездесу қатысушылары бірыңғай құқықтық тәсілді қалыптастыратын және бірлескен жұмыстың нәтижелілігін арттыратын бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан тарапы терроризмге, экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында келісімдерге қол қоюға дайын екенін, сондай-ақ алдағы 35-ші ТМД БПҮК отырысы шеңберінде Душанбеде бұл мәселені қарастыруға әзірлігін растады.

Аталған уағдаластықтар халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудің және қылмыспен күрес пен құқықтарды бірлесіп қорғауда жаңа қадам болуға тиіс екені атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіби диалогты одан әрі дамытуға және ТМД кеңістігінде құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды кеңейтуге қол жеткізілді.

Тэгтер:

Бас Прокурор Берік Асылов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Юрий Жданов