Қарағандыда екі жасөспірімді автокөлік қағып кетті

Бүгін, 17:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағандыда жол апаты болып, автокөлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұқанов көшесінде Hyundai автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кеткен. Алдын-ала дерек бойынша, 16 және 17 жастағы жасөспірімдер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Қарағанды Жол апаты Автокөлік Жасөспірім