Доллар бағасы тағы да өсті

Бүгін, 16:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 541,01 теңгені құрап, 1,25 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 17 қыркүйектегі ресми бағамы – 539,54 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 541,09 теңге, сату – 542,97 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 539,49 теңгеден сатып алып, 544,65 теңгеден сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге қымбаттап, 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге арзандаған болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор